Төрт қарағандылық спортшы семсерлесуден ұлттық құрамаға кірді

Қарағандылық төрт спортшы семсерлесуден Азия және әлем чемпионаттарында Қазақстанның атынан қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, ағайынды Құраловтар мен апалы-сіңлілі Макаровалар Дубайда өткен халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен.

Семсерлесуден Азия Кубогына Қазақстан, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Үндістан және БАӘ кадеттері мен жасөспірімдері қатысты. ҚР құрамасында Қарағанды "Жалын" спорт мектебінің төрт оқушысы өнер көрсетті. Командалық семсершілер жарысында олар күміс медаль жеңіп алды.

Туған бауырлар – 17 жастағы Ермек Құралов (ҚР ҚМ, семсерлесумен 7 жыл айналысады) және 14 жастағы Ерқанат Құралов (ҚР ҚМ, 5 жыл айналысады) ерекшеленді.

Сондай-ақ, туған апалы-сіңлілі – Кристина Макарова (16 жаста, ҚР ҚМ) және Дарья Макарова (14 жаста, ҚР ҚМ) ерекше көзге түсті. Екеуі де бұл спорт түрімен 7 жыл айналысады. Балалардың бас тәлімгері – Қарағанды облысының семсерлесуден аға жаттықтырушысы Виктор Егоров.

Бұл жарыстар Бахрейндегі Азия чемпионатында және Сауд Арабиясындағы жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем біріншілігінде Қазақстанның намысын қорғайтын ұлттық құраманы қалыптастыруда шешуші болды. Біздің балалар осы жарыстарда өздерін лайықты көрсетті, Астана мен Алматыдан өздерінің негізгі бәсекелестерінен озды және алғаш рет ел құрамасының төрт мүшесі – қарағандылық спортшылар. Енді бастысы – құрлықтық және әлемдік чемпионаттарға жақсы дайындалу және медаль жеңіп алу, – дейді Виктор Егоров. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы
Өзгелердің жаңалығы