Төрт өңірде 5 жол жабылды
«ҚазАвтоЖол» күн райның бұзуылуына байланысты 9 наурыз, түнгі 22:00-ге дейін республиканың бірнеше өңірінде жол жабылғанын хабарлады.
Атап айтқанда, 4 облыста республикалық маңызы бар 5 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылған.
Шығыс Қазақстан облысында — жалпы ұзындығы 160 км бір автожол
- «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары», Берел ауылы — Рахман қайнары (автокөліктің барлық түріне)
Қарағанды облысында — жалпы ұзындығы 118 км бір автожол
- «Қызылорда-Павлодар» — Ұлытау облысы шекарасынан Топар ауылына дейін
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Қостанай облысында — жалпы ұзындығы 83 шақырым бір автожол
- «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін (көліктің барлық түріне)
Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 543 шақырымды құрайтын 2 автожол
- «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін (барлық көлік түріне)
- «Қызылорда-Павлодар» — Жезқазған қаласы — Қарағанды облысы шекарасы.
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдардың қысқы күтіміне 350 техника және 395 жолшы жұмылдырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
10 наурызға арналған ауа райы болжамы
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы