Төрт облыста жол жабылды

QazАvtoJol 20 қаңтар күні сағат 18:00-дегі ахуал бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің төрт облысында республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысында - 1 учаске
1.«Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 255-330 км, Қарауылкелді а. -Атырау обл.шек. - 75 км (бұрқасын).

Жамбыл облысында - 1 учаске
1.«Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. - Қайнар а. - 79 км
(қар аралас жаңбыр, тұман, шектеулі көрініс).

Жетісу облысында – 1 учаске
1.«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. -Достық ст. – 100 км.
(тұман, шектеулі көрініс).

Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске
1.«Самара-Шымкент» 195-246 км, РФ шек.-Орал қ. – 51 км.
(РФ ауа райының қолайсыздығына байланысты).

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 367 бірлік техника және 652 жолшы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы