21 Қараша 2024 2024, 19:42 Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК

Төрт облыста жол жабылды

Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы: 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы-Павлодар облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Павлодар облысы: 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады: - "Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы" автожолының 1135-1367 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы - Атамекен ауылы); - "Астана-Ерейментау-Шідерті" автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Шідерті ауылы); - "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы - Қарағанды облысының шекарасы).

Қарағанды облысы: 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады: - "Қызылорда-Павлодар" автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара ауылы); - "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы).

Ұлытау облысы: 2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасы - Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланған.