Төрт облыста Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшылары ауысты

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Төлеутай Нұраби Рашидұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ұжымның жаңа басшысын ҚМА төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Садырбеков таныстырды. Нұраби Төлеутай бұған дейін Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Бөкешев Дастан Балтабайұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. Дастан Бөкешев бұған дейін ҚР ҚМА Жедел департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Тюмелиев Еркін Амангелдіұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. Еркін Түймелиев бұған дейін Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметін атқарған.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Агенттік Төрағасының бұйрығымен Балғабаев Ерболат Темірболатұлы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ерболат Балғабаев бұған дейін Бас прокуратура мен Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі
Өзгелердің жаңалығы