Төрт айда 80 рет жол ережесін бұзған астаналық 15 тәулікке қамауға алынды
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, тұрғын наурыз-маусым айлары аралығында жол ережесін бұзып, белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін 80 реттен астам әкімшілік жауапқа тартылған.
Әкімшілік жауапқа бірнеше рет тартылғанына қарамастан, ол өз әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігін сезіне отырып, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуды жалғастырған. Көлік құралын екі рет белгіленген жылдамдықтан едәуір асырып, тиісінше сағатына 151 км және 126 км жылдамдықпен басқарған, - дейді сот.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірді. Тұрғын бірнеше рет, оның ішінде белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанын, барлық салынған айыппұлдарды төлегенін түсіндірді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтардың басым бөлігінде көлік құралын өзі басқарғанын растаған.
Істі қарау нәтижесінде сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындады.
- Геннадий Головкин халықаралық спорт ұйымында жаңа қызметке сайланды 21:19
- Марқакөл қорығында қоңыр аю көзге түсті 20:55
- Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті 20:28
- 13 қыркүйек күні ауа райы қандай болады 20:25
- Рыбакина – Соболенко арасындағы US Open финалы: тікелей эфирді қайдан және қашан көруге болады 20:10
- Ақмола облысында қатты жел балықшыны көл ортасына алып кеткен 19:50
- Ұлыбританияда эвтаназияны заңдастыру туралы заң жобасы қабылданбады 19:12