АҚШ-та жойқын торнадо 32 адамның өмірін жалмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Торнадо салдарынан елде 32 адам қаза тауып, жүздегені ауыр жарақат алған.

Қазір АҚШ-та жойқын дауылдан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше мықты циклон елдің оңтүстік-шығыс аймақтарымен жүріп өтті, деп хабарлады MIR 24.

Тамырымен қоса жұлынған ағаштар, қираған үйлер, төңкерілген көліктер. Елдің оңтүстік-шығысындағы тұрғындар әлеуметтік желілерде қуатты торнадоның зардабымен бөлісуде. Ауа райының тосын мінезі салдарынан су тасқыны мен көшкін жүріп, миллионға жуық адам жарықсыз қалды.


Мен торнадо кезінде жуынатын бөлмеде отырған едім, дауылдың жолында кездескен дүниенің барлығын шағып жатқаны анық естілді. Адам шошырлық дыбыстар өте қорқынышты еді. Бәрі аяқталғаннан кейін, үйден шығып, өзім туып-өскен көше қоқыс даласына айналғанын көрдім, - дейді жергілікті тұрғын Вилберт Латын.

Метеорологтар бұл торнадоны соңғы сегіз жылда болған ең қауіпті дауыл деп атады. Миссисипи, Оңтүстік Каролина және Джорджия басқаларға қарағанда қатты соққы алған аймақтар қатарында. Төтенше жағдай қызметкерлері дауыл зардабын әлі де жоюда. Оларға жергілікті тұрғындар мүмкіндігінше қол ұшын беріп жатыр.

Табиғи апат шығынын толық есептеу әзірге мүмкін емес. Монро қаласындағы бір ғана әуежайдың шығыны 30 миллион долларға бағаланып отыр. Мұнда дауыл ангарларды қиратып, ұшақтарға да зақым келтірген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы