Төрехан Сабырхан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Қазақстандық спортшы Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.
67 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсеткен Төрехан Сабырхан финалда кубалық Дэвид Эспиносаға қарсы жекпе-жек өткізді. Отандасымыз кубалық боксшыға еш мүмкіндік қалдырмай, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, ол Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медалін әкелді. Одан бөлек, финалға жеті спортшымыз жолдама алған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Сербия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Келесі жаңалық
«Әлеуметтік әмиян» арқылы тегін дәрі берілді
Өзгелердің жаңалығы