Төрехан Сабырхан ең үздік боксшы атанды
Болгарияда өткен "Странджа" халықаралық турнирдің қорытындысы бойынша қазақ боксшысы үздік деп танылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Төрехан Сабырхан 67 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Алғашқы жолы Олимпиада чемпионы Асахуджа Муйдунходжаевпен түйіскен. Қарсыласы жұдырықтасудан бас тартты.
Ширек финалда грузин Лаша Гогнидзені жеңіп шықты. Жартылай финалда әзербайжандық Наби Исгандаровты ұтты. Финалда тағы бір әзербайжандық боксшы Заур Гахрамановтан басым түсті.
Бұған дейін осы турнирде бірде-бір боксшымыз бұл атаққа қол жеткізбеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Балалар үйінің мәселесі шешілді. Зәкиева пікір білдірді
Келесі жаңалық
2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады
Өзгелердің жаңалығы