Төрехан Сабырхан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырхан (70 кг дейінгі салмақ дәрежесі) ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Финалда ол жапониялық Сэвон Окадзавамен күш сынасып, тартысты өткен жекпе-жектің шешуші үшінші раундында басымдық танытты.
Осылайша, небәрі 19 жастағы Төрехан Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальді салды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аида Әбікеева бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Келесі жаңалық
Ертең бірқатар өңірде боран, көктайғақ пен тұман күтіледі
Өзгелердің жаңалығы