Төреғалидің тағы бір жиені дүниеге келді

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі сәбилі болғанын жария етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дина Төреәлі жақында ғана DIOR стиліндегі гендер-патидің видеосын жариялаған болатын. 

Міне  жаңа жыл қарсаңында ол ұл баланы дүниеге әкелді. Дина және оның жұбайы Ернар Мұсабай Instagram-дағы парақшаларында сүйінші жаңалықтарымен бөлісті. Жұлдызды жұптың видеоларынан Динаның перзентханадан шығып жатқанын көруге болады. 

Қош келдің, Ұлым!, - деп жазды Ернар Мұсабай. 

Ал Дина болса, "لا حول ولا قوة الا بالله العلي العظيم «Ля хавля ва ля куввата илля билляхи ль-‘аллиййи ль-‘азым" (ред. - Алланың күш-қуатынан асатын ешқандай күш-қуат жоқ), - деп қысқа қайырды. 

Еске салсақ, 2022 жылы қарашада Дина Төреәлі Ернар Мұсабай есімді азаматпен отау құрған еді. Бұл Төреғалидің жалғыз жиені емес. Осы айдың басында Төреғалидің тағы бір қарындасы Фариза Төреәлі сәбилі болғанын жария етті. Фариза да, Дина да жүктілігін көпшіліктен жасырып келді. Себебі тіл-көзден барынша сақтанғанын айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы