23 Маусым 2023 2023, 12:05
Фото: instagram.com/toregalitoreali
Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті болмайды
Ұлы дала баласы, белгілі әнші Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ұлы дала баласы, белгілі әнші Төреғали Төреәлінің Астанадағы концерті өтпейтін болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл ақпаратты Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ақпаратты растады.
Еске салсақ, 14 маусымда полиция есірткі пайдаланған Төреғали Төрәліні ұстады деген ақпарат тарады. Аталған деректі полиция растады. Олар әншіні ұстау сәтін де жариялады. 17 маусымда Төреғали Төреәліге қатысты билік өкілдеріне тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды.
21 маусымда Төреғали Төреәліні изоляторда ұстау мерзімі тағы үш тәулікке ұзартылғаны белгілі болды.