Төреғали Төреәлі тағы үш күнге қамалды

Төреғали Төреәліні изоляторда ұстау мерзімі тағы үш тәулікке ұзартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі әншінің ісі Алматы қаласы Әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотта қаралды.

Сот мәліметі бойынша, қазақстандық әнші "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 613-бабы, 1-бөлігі "Полиция қызметкері талаптарын орындамағаны" үшін жауапкершілікке тартылды.

Сот анықтағандай, 2023 жылдың 14 маусымында есірткіге мас болып, көлікті басқарған А. патрульдік автокөліктің транспорттық құралды тоқтату туралы заңды талабын орындамады. Со отырысында заң бұзушы қылмыстық істе белгіленген деректерді ішінара растады, - делінген сот хабарламасында.

Еске салсақ, 14 маусымда полиция есірткі пайдаланған Төреғали Төрәліні ұстады деген ақпарат тарады. Аталған деректі полиция растады. Олар әншіні ұстау сәтін де жариялады. 17 маусымда Төреғали Төреәліге қатысты билік өкілдеріне тіл тигізгені үшін қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы