Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Әнші Төреғали Төрәліге қатысты қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әнші Төреғалиға қатысты іс бойынша 29 қыркүйекте әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан «Көлсай көлдері» ұлттық паркінің аумағында болған. Құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 293-бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіп, оқиғаның шынайы мән-жайларын анықталатын болады, - делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департамент басшылығының бақылауына алынды.
Айта кетейік, бұған дейін әншінің гидті соққыға жыққаны жайлы видео әлеуметтік желілерде жарияланған еді.