"Тоқта, вандал": елордада қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланды

Елордада вандализмге қарсы күрес және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары вандализмнің тағы екі жағдайын анықтап, оларға қатысты тиісті шаралар қабылдады.

Мәселен, таңғы сағат 04:00 шамасында 21 жастағы ер адам мас күйінде Д.Қонаев көшесіндегі мекемелердің бірінің терезесін сындырған.

Сол сияқты 20 қазан күні 30 жастағы ер адам Абай даңғылында алкоголь бөтелкесін лақтырып, материалдық шығын келтірді.

11 қараша күні сағат 19:00 шамасында 42 жастағы ер адам Тұран даңғылындағы бөтен үйдің кіреберіс есігін зақымдады.

Үшеуі де бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке (ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы) тартылды, онда залал 200 АЕК немесе 690 мың теңге сомасынан аспайды.

Жыл басынан бері Астанада еріктілер, белсенділер, белгілі спортшылар, қала тұрғындары қолдаған "Тоқта, вандал" акциясы аясында профилактикалық жұмыс жүріп жатыр. Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген жағдайын болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Жыл басынан бері сот 270-ке жуық адамды бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені, жалпы пайдалану орындарын ластағаны, ғимараттар мен тұрғын үй-жайларды бүлдіргені үшін жазалады. Олардың барлығы жауапқа тартылды.

Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Өзгелердің жаңалығы