Тоқсаныншы жылдары Қазақстандағы ұлтаралық ахуал қандай еді?

"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы қонағы - мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Әбдірахманов, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл Қазақстан халқы ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Ассамблеяның құрылу тарихы қандай?

Ассамблея елімізге не үшін керек? Азаматтық ұлт құру деген не?

ҚХА парламенттік өкілдік құқығы бар конституциялық институт. ҚХА трансформация қажет пе? Мемлекетшіл азамат деп кімді айтамыз?

Осы және өзге де сұрақтарға мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Әбдірахманов жауап береді.

Айта кетейік, "Желмая" жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы