21 Қараша 2025 2025, 18:01
Фото: Ақорда
Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түрікменстан Президенті келеді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 24-25 қараша күндері Астанаға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сапар аясында тараптар жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Еске салсақ, бұған дейін Астанаға Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыртуымен Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен келген еді.