Тоқаевтың «саяси курсы» нақты іске асып жатыр – Сайыров
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Мемлекет басшысының қол қойған заңдарын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін «Ақордада» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір қатар саясаттанушылар, сарапшылар, партия өкілдерімен кездесіп, салтанатты түрде, саяси реформалардың өзегі болып табылатын бірқатар Конституциялық заңдарға қол қойды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектегі халыққа жолдауында жасалған саяси бастамаларының фундаменті болып табылатын келесі заңдарға қол қойды, – деді ол.
1. «Конституциялық Сот» туралы Конституциялық заң.
2. «Адам құқы жөніндегі өкіл туралы» Конституциялық заң.
3. Мемлекет басшысының халыққа жолдауын орындау үшін бірқатар Конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» Конституциялық заң.
4. «Мемлекет басшысының 2022 жылғы халыққа жолдуын іс-жүзіне асыруға бағытталған бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» заң.
5. «ҚР Әкімшілік кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» Заң.
Аталған заңдарды толықтыру нәтижесінде келесі өзгерістер енеді.
Қазақстан Республиксының Президенті
1. Президент қандай да бір партияның мүшесі бола алмайды.
2. Президент 7 жыл, бір мерзімге ғана сайланады.
3. Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымға иелік етуге тиым салынады.
4. Президенттің жергілікті атқарушы органдардың актілерінің күшін жою құзыретін, әр-түрлі деңгейдегі әкімдерді жұмыстан алып тастау құқына шек қою.
Сайлау жүйесі және партиялар
1. Аралас сайлау жүйесіне өту:партия тізімдері және бір мандатты округтер.
2. Императивті мандат. Депутаттың құзыретін қайтарып алу құқы.
3. Саяси партияларды тіркеуден өткізуді жеңілдету:
3.1 Саяси партияны құру жөніндегі бастамашыл топ 1 мыңнан 600 адамға азайады.
3.2 Құрылтай съезд 2 айда емес, 3 айда өткізіледі.
3.3 Филилалдары тіркеу үшін 6 ай емес, 12 ай беріледі.
3.4 Партияның ең аз мүшелері 20 мың емес, 5 мың.
3.5 Филиалдардың мүшелері 600 адам емес, 200 адам.
4. Конституциялық Сот мүшелері, ОСК, Жоғары аудиторлық Палата мүшелері үшін партияда болуды шектеу.
Жергілікті басқару, өзін өзі басқару
1. Жергілікті әкімдер мен оларлың орынбасарларына Партиялардың филиалдарын басқаруға шек қою.
2. Облыс әкімдерін лауазымға тағайындап, алудың жаға тәртібі- жергілікті мәслихат депутаттарының келісім беруі.
3. Әкімдердің сайлау тетігінің енгізілуіне байланысты жергілікті Мәслихаттардың ролін кеңейту.
4. Мәслихаттың Төрағасы лауазымын енгізу.
5. Аудан әкімдерінің тікелей сайлауын пилотты түрде енгізу. 2025 жылдан бастап әкімдердің /аудан/ бәрі сайланатын болады.
Адам құқы жөніндегі өкіл
1. Адам құқы жөніндегі өкіл Сенаттың рұқсатынсыз сотқа тартылмайды.
2. Адам құқы жөніндегі өкіл Парламенттің ашық, жабық жиналыстарына қатыса алады.
3. Өкіл Конституциялық сотқа жүгінуге құқылы.
Халықтың жерге және пайдалы ресурстарға халықтың меншігі құқын бекіту. Азаматтық Кодекс, Орман Кодексі, Су Кодексі, Жер қойнауы Кодексіне өзгерістер енгізу.
Аталған өзгерістер біздің еліміздегі саяси жүйені түбегейлі реформалай отырып, саяси әділеттілік принциптерін қалыптастырады. «Билікті халыққа қайтарып беру» процессі болып табылады. Конституциядағы «әр-бір азаматтың сайлауға және сайлануға құқын» қалпына келтіреді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «жаңа саяси курсы» нақты іс-жүзіне асуда, – деді Ерлан Сайыров.