Тоқаевтың реформаларын қолдаймыз – Блинкен

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Этнони Блинкенмен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көптеген мәселе талқыланды. АҚШ пен Қазақстан арасында стратегиялық серіктестікті дамыту маңызды. Қазақстанның егемендігін алғашқы болып таныған – Америка Құрама Штаттары. 1991 жылдан бері қарай Қазақстанның тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын құрметтейміз. Мен АҚШ-тың Қазақстанның басқа мемлекеттер сияқты өзінің болашағын еркін анықтауға қолдау көрсетемін, – деді Этнони Блинкен.

Ол былтыр Ресейдегі мобилизация кезінде Қазақстанның 200 мыңға жуық ресейлікті қабылдағанын айтты.

Қазақстан Киев пен Буша жеріне киіз үйлерін құрады. Украин халқы сіздердің жылулықтарыңызға куә болды. Айта кету керек, өткен жылы наурыз айында басталған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын толығымен құптаймыз. Осы бағытта Қазақстан нақты қадамдар жасайды деп ойлаймыз, – деді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы