Тоқаевтың қатысуымен Шетелдік инвесторлар кеңесі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-отырысы басталды.
Жиын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатыр.
Мынадай мәселелер қаралады:
1. Кеңестің 33-ші жалпы отырысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есеп.
2. Кеңеске шетелдік тараптың инвестициялық саясатты іске асыру, энергетика, экология және мұнай-газ саласы, еңбек заңнамасы, адами капиталды дамыту, шетелдік жұмыс күшін тарту және цифрландыру мәселелері бойынша ұсыныстары.
3. Пленарлық мәжілістің негізгі мәселесі – экономиканы декарбонизациялау. экологиялық, әлеуметтік және басқару стандарттарын сақтау мақсатында төмен көміртекті технологияларды енгізу.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездескен болатын.
Кездесу барысында елімізде инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту, экономика және қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ олар әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевты жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтап, оның нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.