Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Мәжілістің жалпы отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің күн тәртібінде бүгін Премьер-министрлің кандидатурасы талқыланады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына AMANAT партиясының атынан жаңа Премьер-министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылғанын еске сала кетейік.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен талқылайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы