Кеше 2026, 23:05
Фото: Ақорда
Тоқаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды
Мемлекет басшысын Бұхара қаласының әуежайынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Бұхара қаласының әуежайынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға ресми сапары барысында Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізді.
Президент тарихи тығыз байланыстар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шынайы стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың мызғымас іргетасы екенін еске салды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің «Таза ауа» бастамасына қолдау білдіріп, бұл жоба Қазақстанның ірі қалалары үшін де өзекті екеніне тоқталды.