3 Қазан 2026, 14:42
Фото: Ақорда
Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрлігінде лауазымды тұлғалар қызметінен босатылды
Үш жоғары лауазымды әскери қызметші орнын босатты.
Тоқаевтың өкімімен Қорғаныс министрлігінде үш кадрлық өзгеріс болды.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
- Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
- Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
- Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.