Тоқаевтың кеңесшісі: Биыл сондай "бюрократтардың көбі жұмыстан босатылады" деп үміттенемін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал экономист, Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов өзінің Facebook-тегі парақшасында Армения мен Қазақстан үкіметінің 1,5 жылдағы жетістігін салыстырды. 

Николай Пашинян Арменияның үкіметін басқарғанына 1,5 жыл: осы уақыт аралығында жаңа парламент жасақтады, депутаттардың орташа жасы – 40 жас, оппозияциялық партиялың көшбасшысы басшылық ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия құрды. 2019 жылы сыбайлас жемқорлық және салық төлеуден жалтаруға қарсы күрес аясында бюджетке 115 миллион доллар қайтарылды. Бұл осыған дейін 11 жылдағы бюджетке қайтарылған ақшадан 7 есеге көп. Қазіргі кезде 346 іс тергелді, тағы 20 361 іс қаралып жатыр. Егер шенеунік дүние-мүлкінің өзінікін екенін заңды түрде дәлелдей алмаса, тәркілейтін заң қабылдады, - деп жазды Олжас Құдайбергенов. 

Сондай-ақ, экономист бұл елдегі 2019 жылғы жетістігін де атап өтті. 

ЖІӨ-нің өсімі 8,2 пайыз (біздің бюрократ шенеуніктер бұдан 8 пайыз жоғары деп жүр – бұл мүмкін емес). Экспорттың өсуі 9 пайыз. Өнеркәсіптің өсуі 9 пайыз, жалақының нақты өсуі 5,8 пайыз. Бюджетке салық түсімдерінің өсуі 43,6 пайыз құрайды. Ең төменгі жалақы 20 пайызға өсті. Арменияның алтын-валюта резервтері тарихи рекорд орнатып, 26 пайызға артып, 2,8 миллиард долларға жетті. Алдағы 3 жылда 22 мектеп пен 8 колледжде, немесе 130 мектеп пен 50 колледжде толықтай қайта құру жұмыстары жүреді. Олар Ryan Air және Wizz Air секілді әуе компанияларын іске қосты. Соның арқасында қазір Еуропадан Арменияға ұшу бұрынғыдай 200 доллар емес, 40 долларға дейін төмендеген, - деп жазды ол. 

Ол Армения жол-патрульдік полициясының жұмысын қалай реттегенін де атап өтті. 

Сонымен қатар, жол полициясына жаңа жүйе енгізілген. Соған сәйкес, әр жүргізушіге жыл сайын 9 ұпай беріліп, әрбір тәртіп бұзушылық үшін ұпайлар есептен шығарылады. Ал жүргізуші куәліктері қалпына келтірілгенде алып тасталады. Жол полициясы реформаланады және енді пара алмайды. Армения тегін тнтернет желісі бар елдер рейтингінде оныншы орында », - дейді сарапшы. Осы ретте Құдайбергенов Қазақстан үкіметінің жұмысын атап өтті. Алайда мұның бәрі далбаса, олардың бізге жетулері қайда. Жалпы, бірдеңе істеудің не қажеті бар, одан да президент немесе премьер-министрдің тапсырмасын талқылап, жұмыс тобын құрып, көзбояушылықпен айналысқан артық. Осы уақыт аралығында біздің бюрократтар жүзден астам жұмыс тобын құрды, тіпті мәселені алға жылжыту үшін премьер-министр мен президент деңгейіне шығуға тура келеді. Алайда шешім қабылданған кейін де бұл мәселе жұмыс тобына қайта келіп түседі... Биыл сондай бюрократтардың көбі жұмыстан босатылады деп үміттенемін, - деді Олжас Құдайбергенов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы