Тоқаевтың кандидатурасын 1 қыркүйектен қолдадық – Ертісбаев

Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Съезге Қазақстанның барлық аймақтарынан делегаттар қатысып жатыр. Олардың 120-дан артығы офлайн форматта.

Жиында Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев өз сөзінде әлемде тұрақсыздық пен соғыс болып жатқан елдерді атап өтіп, Қазақстандағы тұрақтылық кепіліне тоқталды.

Біздің кезектен тыс құрылтай Қазақстандағы ғана емес, сонымен адамзат алдында тұрған сындарлы кезеңде өтіп жатыр. Қазақстан ғана әлемде тұрақтылық пен тыныштық аралы болып отыр. Бұл біздің мемлекеттің «Көршіңмен Құдайдай сыйлас» деген ұстанымын еріксіз еске салады. Кезінде еліміздің шекарасын бекіту процесін дұрыс жүргізілуі қазіргі Қазақстанның бейбіт өміріне кепіл болып отыр деп ойлаймын, - деді ол.

Ол елімізді сыртқы жағдайлардан, соғысқа қатысудан, азаматтық және әлеуметтік-саяси қарсыласудан қорғау басты мақсат екенін айтып өтіп, оның Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізген ішкі-сыртқы саясат арқасында орындалып жатқанын жеткізді.

Біздің партия барлық саяси күштердің ішінде бірінші болып Президент 1 қыркүйекте кезектен тыс Президент сайлауы болатынын Жолдауда жариялағаннан бастап Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдады, - деді ол.

Ермұхамет Ертісбаев логика бойынша Халық партиясы өз кандидатын да ұсынуына болатынын еске салды. Алайда қазіргі кезеңде тыныштық, тұрақты даму мен халық игілігі үшін қазіргі Президенттің кандидатурасын ұсынуды ұйғару дұрыс шешім екенін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы