Тоқаевтың кандидатурасы заң талаптарына сай келеді – ОСК

Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттікке кандидатурасы талапқа сай келеді. Бұл туралы ОСК хатшысы Мұхтар Ерман комиссияның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ел президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ата заңда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың Конституцияда және ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады, - деді Мұхтар Ерман.

Айта кеткен жөн, Президентікке кезектен тыс сайлау 20 қарашада өтеді.

23 қыркүйектен бастап ел президенттігіне кандидаттар ұсыныла бастады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы