Тоқаевтың Әзербайжанға сапары экономикаға тың серпін береді – саясаттанушы

Саясаттанушы Әділ Сайлаубек Қазақстан мен Әзербайжан басшыларының арасындағы кездесу еліміздің экономикалық және саяси жағына қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ El.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кездесуде екі ал арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығаяды деп ойлаймын. Біз Әзірбайжан елімен тығыз қарым-қатынастағы елміз. Бір жағынан Еуропа елдерімен арадағы қарым-қатынасты жақсартудың бір ықтималы. Экономикалық, саяси жағынан болсын ықпал етері анық. Бұдан бөлек, дәстүріміз, спорт жағынан да сабақтастығымыз өте көп. Жаңа Қазақстандағы жаңа серпіліс жасайтын бағыттардың бірі деп қарауға болады. Сапарда Президентіміз бірқатар іс-шараларға қатысып, делегациялармен кездесуі жоспарланған. Ең алдымен бұрыннан жатқан, Алаштың бір елі ғой. Дәл қазіргі шешім бойынша түбі бір түркі тілдес туысқандықтан бөлек, ұлттық-саяси, мәдени байланыстарды нығайтып, тың серпін беретіні анық. Ең бастысы, екі елдің ынтымақтастығын біріктіріп, Орта Азия, Еуропа елдеріне үлгі болар қарым-қатынас құрудың бір жолы деп санаймын, - дейді саясаттанушы Әділ Сайлаубек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы