Тоқаевты Түрікменстан Президенті мен БҰҰ Бас хатшысы қарсы алды
Мемлекет басшысы Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясы өтетін "Аваза" спорт кешеніне келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.
Делегация басшылары бірге суретке түсті.
Еске салсақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда БҰҰ конференциясы делегацияларын ресми қарсы алу рәсіміне қатысты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда жүкті әйелдерге қандай қолдау бар? – министр жауабы
Өзгелердің жаңалығы