8 Маусым 2025 2025, 14:00 Фото: Үкімет

Тоқаевтан сөгіс алған Көлік министрі қызметінен кетті

Мемлекет басшысының Жарлығы шықты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айта кетейік, жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырыс өткен. Отырыс барысында Президент министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады.