Тоқаевқа автокөлікті заңдастыруға қатысты жаңа жоба таныстырылды
Президентке «Автокөлік құралдарын заңдастыру, жол-көлік апаты болған жерден материалдарды сақтандыру компанияларына беру» жобасы таныстырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында елімізге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр. Осыған орай мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезекті оңтайландыру үшін өтінім қабылдауға арналған онлайн-сервис әзірленді. Көлік құралына тексеріс түгелдей автоматты режимде жүргізіледі.
Сондай-ақ Ішкі істер министрлігі Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетпен және «Мемлекеттік кредиттік бюромен» бірлесіп, жол-көлік оқиғасы туралы материалдарды төлем жасау үшін сақтандыру компанияларына онлайн беру жобасын жүзеге асырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каспий теңізінің жағалауында 5 адам құтқарылды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы