Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің жұмыс кездесуіне қатысады, деп жазды ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
14 сәуір күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмыс мәжілісіне қатысады. Жиын барысында COVID-19 індетінің таралуын болдырмауға және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикалық тұрақтылығын қолдауға бағытталған бірлескен шаралар талқыланады. Отырыстың қорытындысы бойынша Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше елдер бірлескен мәлімдеме қабылдауды жоспарлап отыр, - деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқартады
Өзгелердің жаңалығы