Тоқаев: Жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерге арналған арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды екені сөзсіз. Бұл – бүкіл қоғам дамуының ең маңызды факторы. Мектептерді материалдық ресурстармен қалай қамтамасыз етсек те, жақсы мұғалімдерсіз білім сапасын арттыру мүмкін емес. Ұлы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім – мектептің жүрегі, - деді Президент.

Тоқаев өз сөзінде Үкіметке мұғалімдер тапшылығы бар өңірлер үшін тиісті қолдау шаралары кешенімен үздік мұғалімдерді тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы