7 Ақпан 2026, 15:48
Фото: ©BAQ.KZ
Тоқаев Жапонияның премьер-министріне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның солтүстік өңірінде жауған қалың қар салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айтты.
Осындай қиын сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, сізге және Жапония халқына көңіл айтамын. Қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына сабыр, зардап шеккен отандастарыңыздың тезірек сауығып кетуін тілеймін, – делінген жеделхатта.