Бүгiн 2026, 13:10 Фото: Ақорда

Тоқаев Жапония Премьер-министрін құттықтады

Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атады.

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.  

Президент Жапонияны еліміздің Азиядағы басты серіктестерінің бірі ретінде атап өтті.

Сонымен қатар достық пен өзара түсіністікке негізделген кеңейтілген стратегиялық серіктестік қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің аса жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына құт-береке тіледі.

Еске сала кетейік, биліктегі Либералды-демократиялық партияның (ЛДП) жетекшісі Санаэ Такаити Жапония премьер-министрі қызметіне қайта сайланды.