Тоқаев жаңа уәкілді тағайындады
Кенжеғұл Сейтжан Президент жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысының өкімімен Кенжеғұл Социалұлы Сейтжан Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды.
Кенжеғұл Сейтжан - Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының мүшесі.
Рэдинг университетінің (Ұлыбритания) магистрі дәрежесін алған. Қазақ, орыс, ағылшын мен жапон тілдерін жетік меңгерген.
Ол қазақстандық және халықаралық қауымдастықта паралимпиадалық спорт түрлерінде жетістікке жеткен спортшы ретінде кеңінен танымал.
«Голбол» спортының паралимпиадалық түрінен 2017, 2019 жылдардағы Қазақстан чемпионы, паравелоспорттан 2021, 2022 жылдардағы Қазақстан чемпионы, көптеген спорттық паралимпиадалық турнирлердің қатысушысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда "Digital Almaty-2024" форумының екінші күні басталды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы