2 Сәуір 2024 2024, 11:18
Фото: Ақорда
Тоқаев зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады
Президенттің жұмыс сапары 4 сәуір күніне жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президенттің жұмыс сапары 4 сәуір күніне жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, - деп жазды ол.