Бүгiн 2026, 17:04
Фото: Ақорда
Қазақстан мен Аустрия арасындағы миграциялық келісім күшіне енді
Тоқаев заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу келісімін ратификациялады.
Тоқаев заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу келісімін ратификациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасы Федералдық Үкіметі арасындағы заңсыз жүрген адамдарды реадмиссиялау және транзиттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Құжатқа сәйкес, екі ел арасындағы келісім заңсыз жүрген адамдардың қайтарылуын және транзиттік қозғалысын реттеуге бағытталған. Бұл шара Қазақстан мен Аустрия арасындағы құқықтық ынтымақтастықты нығайтып, заңсыз миграцияның алдын алуға ықпал етеді.
Заңның қол қойылуы халықаралық тәжірибе мен Қазақстанның құқықтық міндеттемелерін орындау аясында жүзеге асырылған.