Тоқаев утилизациялық алым мөлшері туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты. 

Утилизациялық алым бойынша біз шешім қабылдадық. Барлық қаражат мемлекетке түседі. Енді ставкалардың мөлшерін анықтау қажет. Жұмыс тобы бұл мәселені белсенді талқылап жатыр. Бірден айта кету керек, утиль алымды біз қайта қараймыз. Бірақ шектен шығудан аулақ болу керек. Автоөнеркәсіпті дамытуға жұмсалған ақшаны желге шашып, импорттық ескі көлікктер ағынына өз нарығымызды ашуға болмайды, - деді Мемлекет басшысы. 

Тоқаев бұл саладағы реформа қайта өңдеу немесе тіркеу жарнасын өзгерту үшін ғана қолға алынбағанын еске салды. 

Ең бастысы – тұтынушылар үшін автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігін арттыру. Мен өндірушілер мен дистрибьюторлардың тиісті реакциясын күтемін. Үкіметтің алдын ала дайындаған баяндамасы оның дұрыс жолда екенін көрсетіп отыр. Біз осы мәселеге қатысты нақты заңнамалық актілерді қарастырамыз,- деді Президент.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы