Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады: Қазақстан ұйымды дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты
Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдап, ұйым қызметі мен оны дамыту бағыттарын талқылады. Қазақстан ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды. Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды, - делінген Ақорданың хабарламасында.
Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.
Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшіні тағайындап, тағы бірнешеуін қызметтен босатты. Бұл кадрлық өзгерістер Қазақстанның сыртқы саяси қызметін күшейту және дипломатиялық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған.
- «Түлектерге уақыт берілуі керек»: Саясат Нұрбек грантты өтеу туралы айтты 16:20
- ОСК: Бүгіннен бастап сайлауға қатысты сауалнама нәтижелерін жариялауға тыйым салынады 16:12
- Бақытжан Базарбектің қатысуымен болған жол апаты: Зардап шеккен ер адамның отбасы мәлімдеме жасады 16:01
- Қытайдан – 21, АҚШ-тан – 19: Құрылтай сайлауын бақылауға қай елден көп байқаушы келеді? 15:55
- ОСК Құрылтай сайлауында қалай дауыс беру керек екенін түсіндірді 15:42
- «Бір күнде бақылаушы бола аласыз». Алматыдағы барлық сайлау учаскесін бақылаушылар қамтымақ 15:32
- Отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы орны нығайып келеді: Түркияға экспорт екі есе өсті 15:27