Кеше 2026, 22:41
Фото: Ақорда
Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент Үндістанның Уттар-Прадеш штатында орын алған қатты дауыл мен нөсердің салдарынан көптеген адамның опат болуына байланысты Нарендра Модиге көңіл айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың жақындарының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектес екенін жеткізді.