Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндалды.
Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пәкістанда ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесі өтеді
Келесі жаңалық
"Теңге 100 есе құлдырады". Ұлттық валютаға сұраныс неге аз?
Өзгелердің жаңалығы