Тоқаев Үкіметтің әзірлеп жатқан жаңа инвестициялық саясаты туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық  қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитінде айтты.  

Қазір Қазақстан Үкіметі инвесторларға қолайлы жағдай жасау бойынша жаңа инвестициялық саясатты әзірлеп жатыр. Оның ішінде қытайлық инвесторлар да бар. Мұндай саясат Қазақстанның жаңа саясатының бағыты болып есептеледі. Энергетика саласында да Қазақстан мен Қытай стратегиялық ынтымақтастықты жүзеге асырып жатыр. «Қазақстан-Қытай» мұнай құбыры мен «Орталық Азия» газ құбыры үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қазақстан арқылы өтетін магистральдік дәліздер Қытай тауарларының Еуропа нарығына шығуын қамтамасыз етіп отыр, - деді Тоқаев. 

Ол атағандай, «Ляньюньган» мен «Қорғастағы» құрғақ порт, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» сынды инфрақұрылымдық жобалар «Жібек жолы» жобасының маңызды жобаларына айналды. 

Оны ҚХР төрағасы 2013 жылы Қазақстанның астанасында ұсынған еді.  Жалпы отыз жылдық ішінде Орталық Азия елдері жақсы көршілік пен бір-бірін қолдауға арналған өзара қарым-қатынасты орнатты. Біздің мәңгі достастығымыз коронавирус кезінде нығая түсті. Қытай вакцинасының Қазақстанға жеткізу жедел жүзеге асырылды. Біздің өзара мемлекетаралық қатынасымыз сау прагматизм мен бір-бірінің қызуғшылығын ескеру негізінде құрылған, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы