Тоқаев Үкіметті таратты
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын, - делінген құжатта.
Айта кетейік, Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда экскаваторшы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, мерт қылды
Келесі жаңалық
Тегін және жасырын. Тұрғындар АИТВ мәртебесін біле алады
Өзгелердің жаңалығы