Тоқаев Үкіметті сынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында мәлімдеді.
Шаруа қожалықтарына ірі сауда желілерімен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік берілуі керек. Мұндай мүмкіндік олардың жұмысын жандандырып, салаға инвестиция тартуға жол ашады. Отандық тауардың сауда орындарына кедергісіз шығарылуын қамтамасыз ету керек. Бұл – өте маңызды мәселе. Сондай-ақ өнімге қосылатын бағаны нақты белгілеп, арада жүрген саудагерлер санын азайту қажет. Ол үшін, ең алдымен, жедел түрде тиісті заңнамалық шараларды қабылдауымыз керек. Үкімет «Атамекен» палатасымен бірлесіп, «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық жобасын бастау үшін ұсыныстар әзірлеуге тиіс, - деп атап өтті Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық тауар өткізу желісінің іске қосылмауына байланысты қатысты Үкіметке сын айтты.
Екі жылдан астам уақыт бұрын мен көтерме-үлестіру орталықтары желісімен Ұлттық тауар өткізу жүйесін іске қосу туралы тапсырма берген болатынмын. Бірақ Үкімет оның орындалуын ұзаққа созды. Жоспарлар мен бұқараның алдында айтылған мәлімдемелер қағаз жүзінде ғана қалды. МЖӘ схемасы бойынша ірі кәсіпкерлермен бірлескен көтерме-үлестіру орталықтарының құрылысы жобасы іске асырылмады. Үкіметке қазан айында осы салада не жасалғаны туралы баяндауды тапсырамын. Қызығушылық танытқан инвесторларды тартыңыздар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.