Тоқаев Үкіметке салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада кәсіпкерлермен кездесу барысында айтты. 

Үкіметке бизнес қауымдастықпен бірлесіп ұзақ мерзімді Салық саясатының тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Құжат елдегі салық салудың негізгі тәсілдерін ашып көрсетуі керек. Салық саясаты өзінің негізгі параметрлері бойынша тұрақты болуы керек. Салық төлеу процестерін оңайлатуға, цифрландыруға байланысты немесе арқылы адам факторын алып тастай отырып, оларды басқаруға ерекше назар аудару қажет, - деді Тоқаев. 

Ол атағандай, бұл жұмыс бүгінгі және болашақтың шындығына, жалпыұлттық міндеттерге сүйене отырып, ойластырылған түрде жүргізілуі керек. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы салық саясаты мен әкімшілендіру арасында теңгерімсіздік байқалатынын айтып, осы мәселеге назар аударды. Үкіметке бизнес қоғамдастықпен бірлесе отырып, Салық саясатының ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды.

Келесі жылдың басына дейін Үкіметтен салмақты ұсыныстар күтемін, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
52-бапта не өзгерді
Өзгелердің жаңалығы