Тоқаев Үкіметке аурухана құрылысы бойынша бірыңғай баға белгілеуді тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
Көп қаржыны қажет ететін саланың бірі – денсаулық сақтау. Бұл салаға бөлінетін қаражат жылдан жылға көбейіп келе жатыр. Алайда бюджеттің қаржысы шектеулі. Сондықтан қолда бар қаржыны түгендеп, басымдықтарды қайта қарау қажет. Бұл алдағы жобаларда, соның ішінде мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі арқылы салынатын 20 ауруханаға байланысты. Оны салуға бөлінетін қаражат қолданыстағы ауруханалардың қаржысынан бірнеше есе артық. Бізге мемлекет пен жеке меншіктің мұндай серіктестігі қажет емес, - деді Тоқаев.
Ол атағандай, Үкіметке аурухана құрылысы бойынша бірыңғай баға белгілеуді тапсырды.
Оның мөлшері көңілге қонымды болуы керек. Сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуға қатысты да реттеу енгізу керек. Себебі бұл сала жемқорлыққа әлсіз, - деді Тоқаев.