Тоқаев Түркияға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Бұл туралы Борт1 телеграм каналында жарияланды.
Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды.
Мемлекет басшысы Анкарадағы екі күндік сапары барысында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түркиялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форумға қатысуы жоспарланған. Сапар туралы ақпараттарды толығырақ Ақорданың ресми сайты мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда жариялап отырамыз - делінген телеграм арнасы таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Аймағамбетов: «Алтын белгінің» талабы күшейтілді
Өзгелердің жаңалығы