11 Қараша 2025 2025, 22:07
Фото: akorda.kz
Тоқаев Түркия президентіне көңіл айтты
Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия қарулы күштері ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көптеген адамның қайтыс болғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдағанын жеткізіп, Президент Режеп Тайип Ердоған мен бауырлас түрік халқына көңіл айтты, - делінген хабарламада.
Бұған дейін Грузия аумағында Әзірбайжаннан ұшқан Түркияның C-130 әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырағанын жазғанбыз.