Бүгiн 2026, 16:15 Фото: Ақорда

Тоқаев Түркістандағы жаңа мешітке Миромон ата есімін беруді ұсынды

Мемлекет басшысы бұл бастаманы Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістандағы бейресми саммитінде айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінің ашылуында Түркістанда Өзбекстан президенті сыйға тартқан жаңа мешітке Миромон ата есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Осы сәтті пайдалана отырып, бүгін Түркістанда Өзбекстанның қолдауымен жаңа мешіт ашылғанын үлкен ризашылықпен атап өткім келеді. Өзбекстан президенті Шавкат Миромонович Мирзиёевке және өзбек халқына ерекше ықыласы үшін алғысымды білдіремін. Бұл мешіт екі ел өмірінде айрықша орын алады. Бұл – қазақ пен өзбек халқының ынтымағының тарихи символы. Менің ойымша, мешітке Миромон ата есімін беру өте орынды болар еді. Бауырларымыз бұл шешімді қолдайды деп сенемін. Бұл қасиетті орын халықтарымыздың мәңгілік достығына қызмет етеді деп ойлаймыз, – деді Тоқаев.

Еске салайық, мешіт Өзбекстан президентінің Түркістан тұрғындары мен барлық қазақстандықтарға жасаған сыйы ретінде салынған. Саммит басталмас бұрын мемлекет басшылары жаңа мешітті аралап көрді.