22 Қыркүйек 2026, 11:43 Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Тоқаев Түрікменстан президентін туған күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовке жеделхат жолдап, екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы пікір білдірді.

Мемлекет басшысы туған күніне орай Сердар Бердімұхамедовке құттықтау жеделхатын жолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент Сердар Бердімұхамедовтің басшылығымен Түрікменстан дамудың даңғыл жолына түсіп, мемлекеттілікті нығайту, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренада ел позициясын күшейту бағыттарында таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.  

Мемлекеттеріміз арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру мақсатында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігіне қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, – деп жазды Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне сарқылмас күш-қуат және бауырлас түрікмен халқының игілігі жолында атқаратын жауапты қызметіне толайым табыс тіледі.